Антикор «Халық заңгері» республикалық акциясын бастады
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
27.05.2024 18:38
627
Антикор қазақстандықтарды жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясына шақырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
30 мамырда еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайынғы «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету.
Әрбір азамат құқықтың әртүрлі салаларының сарапшыларынан қажетті кеңесті тегін ала алады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар азаматтарды қабылдайды.
Акцияға адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, Антикор, әділет, салық органдары, әкімдіктер басқармаларының (облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі) қызметкерлері және басқалар қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылордада жаңа спорт кешені пайдалануға берілді