Жаңалықтар

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты екі факті бойынша тергеуді аяқтады

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты екі факті бойынша тергеуді аяқтады
Фото: zhaikpress.kz 19.12.2022 09:44 974

Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады.

Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді.

Сатыбалды Г., оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.

Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді.

Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді.

Сатыбалды Г.-ға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға