Жаңалықтар

Антикор экс-полицейге іздеу жариялады

Антикор экс-полицейге іздеу жариялады
Фото: Видеодан кадр 29.07.2024 19:08 535

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті бұрынғы экс-полицейге іздеу жариялады. Бұрынғы жедел уәкіл Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 жылы дүниеге келген. Қарағанды облысының тумасы. Сәтбаев қалалық ПБ жедел уәкілі қызметін атқарған.   

Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау». 

Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен – жайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы,  8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07  ұялы телефоны, (немесе kb.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу). Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі,-делінген ведомство хабарламасында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға