Антикор БҚО әкімінің орынбасары ұсталғанын жоққа шығарды

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
24.07.2023 18:23
971
Антикор БҚО әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысының ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ, - делінген мәліметте.
Оқи отырыңыз:
- Танымал комментатор «Ордабасыны» «Ардабасы» деп айтатындарға үндеу жасады
- Сіз бен бізге ақша жинауға кедергі келтіретін басты 7 себеп
Ведомство қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпарат Антикордың ресми сайтында және telegram-арнасында жарияланатынын еске салып, азаматтарды тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуді шақырды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Фотографтар Алматы облысының тарихи жерлерін аралады
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында 58 отбасы баспаналы болды