Жаңалықтар

Антикор басшысы Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық комитетінің мүшесімен кездесті

Антикор басшысы Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық комитетінің мүшесімен кездесті
Фото: t.me/antikornews 27.09.2023 11:38 674

Антикор басшысы Вьетнам Коммунистік партиясының Орталық комитетінің мүшесімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының ресми сапары барысында қабылданған Қазақстан мен Вьетнам арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Нгуен Хак Динь мырзамен кездесуі өтті.

Асхат Жұмағали вьетнамдық әріптестерін елімізде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформалар мен Агенттіктің қызметі туралы хабардар етіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту екі елде де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мен заңдылықты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Вьетнам делегациясының басшысы Қазақстанмен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға және оның барлық көріністерінде қылмысқа қарсы күресте сындарлы диалог орнатуға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан мен Вьетнамның уәкілетті органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, кездесу елдер арасындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізу жолындағы тағы бір маңызды қадам болмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға