Жаңалықтар

Антикор Қазақстанның 19 қаласында азаматтарды қабылдайды

Мамандар толық және сапалы ұсыныстар бере алады
Антикор Қазақстанның 19 қаласында азаматтарды қабылдайды
Фото: sputnik.kz 12.09.2022 18:06 912

2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 16:00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері азаматтарды қабылдайды, ал еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, деп хабарлайды El.kz агенттікке сілтеме жасап.

Азаматтарды қабылдау еліміздің барлық қалаларында өтеді.

Сілтеме бойынша өтіп, өз қалаңызды табыңыз: https://prg.kz/paragraph_global

Ақпараттарды келесі бағыттар бойынша алуға болады:
- Азаматтық құқық және процесс
- Банк құқығы
- Атқарушылық іс жүргізу
- Неке-отбасы құқығы
- Мұрагерлік құқық
- Тұрғын үй құқығы
- Еңбек құқығы
- Жер құқығы
- Қылмыстық құқық және процесс
және басқа бағыттар бойынша.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға