Антикор Астана әкімдігінің басқарма басшысын ұстады

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
14.11.2023 09:25
726
Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі растады.
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сот санкциясымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген Антикор мәлімдемесінде.
Елордалық соттың баспасөз қызметі 2023 жылдың 11 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктінің үстінен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасына үндеу жасады
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді