Жаңалықтар

Антикор: алматылық Қорғаныс министрлігінің бағынысты ұйымына жұмысқа кіргізу үшін 100 мың доллар талап еткен

Антикор: алматылық Қорғаныс министрлігінің бағынысты ұйымына жұмысқа кіргізу үшін 100 мың доллар талап еткен
Фото: t.me/antikornews 19.06.2023 17:14 900

Тараз қаласының тұрғыны алаяқтық және пара беруге итермелеу күдігі бойынша ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол мемлекеттік органмен мәселені шешу сылтауымен шетелдік компанияның өкілін жаңылыстырып, жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін 200 000 АҚШ доллары көлемінде ақша қаражатын иемденген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, күдікті келісімшартқа қол қойылған жағдайда келісім сомасының үш пайызы мөлшерінде ақша талап еткен.

Сондай-ақ алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

Ол Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымына жұмысқа орналасу мәселесін шешуді сылтауратып, іс жүзінде ниеті жоқ бола тұра 100 000 АҚШ долларын талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін аталған күдіктілер ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, - делінген.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға