Аңшы куәлігін онлайн рәсімдеуге болады
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
19.04.2023 19:00
1088
Қазақстандықтар енді аңшы куәлігін EGov Mobile қосымшасы арқылы рәсімдей алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, цифрлы аңшы куәлігін Қазақстан аумағында жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәләндыру үшін пайдалануға болады. Аталған құжат 2023 жылдың қаңтарынан бастап оны рәсімдеген азаматтар үшін қолжетімді.
«Жаңа цифрлық құжатты табу үшін eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, басты беттегі «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі «Аңшы куәлігіне» басу қажет. Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың баламасы», делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, қазір eGov mobile мобильді қосымшасының «Цифрлы құжаттар» сервисінде 24 құжат бар. Атап айтқанда, жеке куәлік, ҚР азаматының паспорты, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тесті, туу туралы куәлік және тағы басқалары. Барлық цифрлы құжатты талап ету орны бойынша ұсынуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада шахматтан Бибісара Асаубаева Кубогі өтеді