Жаңалықтар

Әнші Шахизаданың төртінші күйеуі бұрынғы әйелімен қайта қосылды

Әнші Шахизаданың төртінші күйеуі бұрынғы әйелімен қайта қосылды
Фото: Әлеуметтік желіден 10.05.2023 09:49 57749
Соңғы уақытта отандық шоу-бизнесте өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шығу сәнге айнала басталған еді. Белгілі әнші Шахизада да жақында төртінші рет тұрмысқа шыққанын жариялаған еді. Бірақ өзінен 18 жас кіші күйеуі  Ерболат Ержанбаев қайтадан бірінші жұбайымен түскен суреттерін жариялай бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы. Есімі - Мереке. Біз бақытты жандармыз. Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы, - деп жазды Ерболат Ержанбаев.
Көпшілік мұны түсінбей жатыр. Өйткені ол Шаһизадамен түскен суреттерін де өшірмеген. Ол қатынасы туралы ашып ештеңе айтпаған.

Әнші Шахизаданың төртінші күйеуі бұрынғы әйелімен қайта қосылды

 
"Әйелің бала-шағаң бар екені енді есіңе түсті ме?", "Ойнап болса да олай жасауға болмайды", "Шаһизада қуып жіберді ме?", "Не болса да Шаһизаданың арқасында танып қалдық", "Хайпажор", "Бәсе, сенбеп едім", - деген пікірлер көп.

Әзірге Шаһизаданың өзі бұл туралы ештеңе айтқан жоқ. Бұған дейін ол үшінші күйеуімен Түркияда үш ай тұрып ажырасып кеткен болатын. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға