Жаңалықтар

Әнші Рамазан Стамғазиев Алматыда «таксист» болып жүр ме

Әнші Рамазан Стамғазиев Алматыда «таксист» болып жүр ме
Фото: instagram.com/ramazan_stamgazy 17.03.2025 11:50 476

Танымал әнші Рамазан Стамғазиевтің такси қызметін атқарып жүргені жайлы ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Facebook қолданушысы, Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиков жазды.

Оқиға Көктөбеде болған. Кисиковтің айтуынша, жаяу көтерілуге бел буғанымен, жолдың жартысында шаршап, такси тоқтатпақ болған. Қымбат көлік тоқтағанда, ішінен риза болып, көмек қолын созған жүргізушіге алғыс айтқан. Алайда жүргізушінің жүзі таныс көрінсе де, ол Рамазан Стамғазиев екенін бірден аңғармаған.

Кейін достары көлік тізгінінде әйгілі әнші болғанын айтқанда, таң қалғанын жасырмады.

Бұл менің анамның сүйікті әншісі еді. Оның әндері жазылған дисктерді жинап, тіпті кейбірін интернеттен жүктеп алатынмын, – деп бөлісті Кисиков.

Бұл оқиға желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Кейбіреулері танымал тұлғаның қарапайымдылығына сүйсінсе, енді біреулері әншінің расымен такси жүргізушісі болып жүрген-жүрмегеніне қызығушылық танытуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға