Жаңалықтар

Әнші Нұрлан Өнербаев Назарбаевтың ортасында жүргеніне өкінетінін айтты

Әнші Нұрлан Өнербаев Назарбаевтың ортасында жүргеніне өкінетінін айтты
Фото: instagram.com/onerbay_nurlan 19.12.2023 12:47 2118

Танымал әнші Нұрлан Өнербаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кештерін жүргізіп, іс-шараларына көп қатысқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен ол кісінің кештерінде өнерпаз ретінде болдым. Өнерімді бағалады. Ол кезде мемлекеттік шараларды жүргізу, президенттер қатысатын кештердің бәріне көбіне мен қатысып жүрдім. Мені шақыратын. Тіпті концертпен алыста жүрсем де, тауып алып, шақыртатын. Туған күндерін, мерейтойларын жүргіздім. Бас тартпаймын. Жанында жүрдім, - деді әнші "Білген дұрыс" бағдарламасында.

Сонымен қатар өнер иесі қатты сенім білдіргенін атап өтті.

Әрине, менің де көзқарасым бар. Менің де көңілім толмайтын тұстар бар. Отбасына қатысты жұрт айтып жүрген әңгіменің жүз пайызы болмаса да, 80-90 пайызы рас екеніне менің де көзім жетеді. Сол ортада жүргенде, кеш басқарып жүргенде менің көңілім адал болды. Сол кісілердің, сол ортаның ел мүддесі үшін жұмыс істеп жүргеніне сендім. Өйткені, менде басқа мәліметі болған жоқ. Бәрі қазір ашылып жатыр ғой. Сондықтан сол кезде сол ортада алданып жүргеніме өкінемін. Жамандағым келмейді. Соншалықты сендім. Жанында жүрдім. Барлық шараларына қатыстым.Тіпті көп шарасына қатыстым, - деді Нұрлан Өнербаев. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға