Әнші Кәмшат Жолдыбаева: Араб тілін үйреніп жүрмін

Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva
Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva
19.06.2023 23:22
1718
Жуырда тұрмысқа шығып, орамал тарта бастаған белгілі әнші Кәмшат Жолдыбаева араб тілін үйреніп жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Әнші жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Нұр-Мүбәрак университетіне келіп отырғаны жайым бар. Зуль-Хиджа айы кіріп жатыр. Бұл ай тек игі амалдарға, ғибадатқа толы болсын. Жаңа апталарыңыз жаңа жеңіске, қуанышқа толы болсын, – дейді Жолдыбаева.
Осыдан кейін сабақ барысын көрсетіп, араб тілін қаншалықты үйренгенін оқырмандарына көрсетті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Экология министрі Сүлейменова әкесінің сотты болғанын растады
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды