Әнші Дана Кентай қалыңмалының қанша екенін айтты
Әнші Дана Кентай Instagram желісінде қалыңмалының қанша екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалыңмалымды қанша млн теңге дейін? Мен енді консерватория оқыдым, магистратура бітірдім. Қос-қос қызыл дипломым бар. Түсірген бейнебаяным мен әндерім бар. Апа, қалыңмалымды қанша дейін?, - деп сұрады көпшіліктен.
Ал әншінің сауалына тыңдармандары "2 млн теңге, 20 млн теңге", - деп жауап берген. Алайда, әншіні 2 млн теңге деген жауап қанағаттындырмай, ол 20 млн теңге деген нұсқаны таңдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2-ақ млн теңге ме? 20 миллион теңге деді мында. Қалыңмалым 20 млн теңге, трлн. Жақсы, қазақи, иманды жігіті болса болды. Тегін бара беремін. Қалыңмал керек емес, - деді Дана Кентай.
Айта кетейік, бұған дейін танымал актриса, блогер Анара Батырхан тілшілерге берген сұхбатында қалың малы 5 миллионнан көп болатыны туралы айтқан.