Жаңалықтар

Әнші Балжан Бидаш АҚШ-тағы тікұшақ апатынан қалай аман қалғанын айтты

Әнші Балжан Бидаш АҚШ-тағы тікұшақ апатынан қалай аман қалғанын айтты
Фото: instagram.com/bidash_official 12.04.2025 15:08 976

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында болған тікұшақ апатына қатысты өз парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әлеуметтік желідегі жазбасында апатқа ұшыраған тікұшақтардың бірінде өзі де отырғанын айтып, оқырмандарын алаңдатты. Ол оқиғаға қатысты бейнежазбаны бөлісіп:

Мен мінген вертолеттердің бірі құлады. Бір семья кетті. Жүрегім-ай, - деп жазды.

Балжан Бидаш Америкада жүрген кезінде тікұшақпен ұшқан сәтін де желіде жариялаған болатын. Осыдан кейін жанкүйерлері әншіге алаңдаушылық білдіріп, амандығын сұраған.

Маған тоқтаусыз осы видеоларды оқырмандарым жіберіп жатыр. Амансыз ба деп жазып уайымдап жатқан жандарға рақмет. Құдай аяқ асты келетін апаттан сақтасын, - деді әнші.

Қазіргі уақытта Балжан Бидаштың жағдайы жақсы екені белгілі болды. Оқырмандары мен әріптестері оған қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жеткізуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға