Әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі өмірден өтті
Фото: Instagram/askar__tau
Фото: Instagram/askar__tau
11.04.2024 11:40
1231
Әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі дүниеден өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қаралы хабарды әнші Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
Құрметті, ағайын! Асқар Жүнісбековтің асқар тау әкесі Раббысына қайтты. Алла алдынан жарылқасын! Еркін Нұржанов, Асқар Жүнісбеков үшеуміз бір ауылда туып, бір ауылда өскен соң, ата-аналарымыз да бір-бірімізге әке әрі ана болып кетіп еді. Марат көкеміз де әкеміздей болған кісі еді. Мына суыт хабар жүрегіме қатты батты. Асқар, қайғыңа ортақпын! Алланың өлшеп берген тағдырымен бір күні бұл өмірден бәрімізде кетеді екенбіз, - деп жазды Ердос Қанаев Instagram-дағы парақшасында.
Оқырман қауым әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ тікұшақ техникасы паркін жаңартуда