Жаңалықтар

Әнші Әли Оқапов әйеліне қымбат көлік сыйлады

Әнші Әли Оқапов әйеліне қымбат көлік сыйлады
Фото: Видеодан кадр 22.02.2025 16:46 457

Роза Рымбаеваның ұлы, белгілі әнші Әли Оқапов өзінің жұбайына су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін бізде ерекше әрі ғажайып күн, өйткені бүгін менің жарыма су жаңа көлік сыйлаймыз. Бұл – тосын сый. Ол ештеңе білмейді. Бүкіл отбасым – анам, балам, бауырым бәрі осында. Әйелім мұндай сый-сияпатты қуана қабылдайды деп ойлаймын, – деп жазды өнер иесі.

Әнші сый ретінде қытайлық EXEED көлігін таңдаған. Желіде көліктің құнына қатысты пікірталас басталды. Біреулер көлікті 500 миллион теңгеге бағаласа, екіншілері 15 миллионнан аспайды деп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға