Анна Данилина Таиланд турнирінде жеңімпаз атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
23.09.2024 13:47
616
Қазақстан теннисшісі Анна Данилина Таиландта аяқталған WTA 250 турнирінде топ жарды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұптық сында өнер көрсеткен отандасымыз ресейлік Ирина Хромачевамен бірігіп, ақтық сында жеңіске жетті.
Олар финалда жапониялық Моюка Утидзима мен гонкогтік Юдис Чон Чхонға қарсы кортқа шықты. Кездесу барысында қазақстандық теннисшінің жұбы қарсыластарынан 2:0 есебімен басым түсті. Алғашқы сет 6:4 есебімен аяқталса, екінші кезеңде 7:5 нәтижесі тіркелді.
Айта кететін жайт, Анна Данилина WTA-ның жұптық санаттағы турнирлерінде осымен 11-рет топ жарып отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Өскеменде полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Келесі жаңалық
Қытай алғаш рет Айдың арғы бетіндегі топырақты көрсетті