Англияның белгілі ғалымы Қазақ ұлттық қыздар университетінде семинар өткізді
Британдық ғалым Дэвид Фрост Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне барды. Белгілі ғалым университет оқытушылары мен профессорларына «Мектептер мен педагогикалық университеттер ынтымақтастығын қалай тиімді дамыту керек» тақырыбында семинар өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің жазуынша, Дэвид Фрост - әлемге әйгілі HertsCam Network желісінің директоры және Кембридждегі Вулфсон колледжінің құрметті ғылыми қызметкері. Британдық профессорды ректор Гүлмира Қанай құрметпен қарсы алды.
Ғалыммен кездесу Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін маңызды оқиға болды және Қазақстан мен Ұлыбританияның білім беру мекемелері арасындағы байланысты нығайта түсті. Өйткені Дэвид Фрост ұзақ жыл бойы мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нәтижелі зерттеулер жүргізген. Ол бұл процестің кейіпкер өміріне трансформациялық әсері туралы айтқан әртүрлі адамдардан сұхбат алған.
Оқи отырыңыз:
- Қай оқу орындарының түлектері жұмысқа тез орналасады?
- Қазақстанда педагогикалық білімі жоқтар да мектептерде сабақ өте алады