Жаңалықтар

Англиядағы этикет!

Англия елінің тұрғындары дәстүрлерді өте берік сақтайды. Этикет нормалары мен ережелерін жақсы ұстанады.
18.08.2014 09:16 12065

Англия елінің тұрғындары дәстүрлерді өте берік сақтайды. Этикет нормалары мен ережелерін жақсы ұстанады. Нағыз джентельмендердің осы елден екенін де білеміз. Егер де Англияға бару жоспарда болса, төмендегі кеңестерге құлақ қойыңыз.

Англиядағы этикет!

Амандасу мен қоштасу этикеті

Мектеп кезінен бері жатталып қалған «Hi!» мен «Hello!». Сонымен қатар уақыт ерекешеліктеріне байланысты амандасу сөздері бар: «Good morning!», «Good afternoon!» мен «Good evening!». Жасөспірімдер арасында «Hiya!» сөзі пайдаланылады. Бұл бейресми түрі деп есептеледі. Ер адамдарға ескерту: әйел адаммен амандасқанда, қолын сүю қабылданбаған. Амандасу кезінде бір-біріне тиі тәрбиесіздік көрініс болып есептеледі. Ең кең таралған амандасу тәсілі, қол қысып амандасу. Алайда қол алмасқанда біреудің қолын ұзақ, қатты қысып тұруға болмайды. Әдетте ағылшындармен сөйлескенде тіке жеке бастың сұрақтарына емес, бейтарап тақырыптарға сөйлескен абзал. Көбіне ауа-райы жайында сөйлеседі.

Қоштасу сөздері

  • Bye — ағылшын тіліндегі қоштасудың ең кең таралған түрі. Ол әмбебап қасиетке ие, кез келген жерде пайдалануға болады.
  • Have a good day («жақсы күн») — жұмыс бойынша әріптестермен қоштасуға арналған. Өте сыпайы сөздер.
  • Keep in touch — әдетте ұзақ уақыт бойы көріспейтінін білетін адамдар арасында пайдаланылады. Тіке мағынасында аударса, байланыста бол.
  • I’m out! — ауыспалы мағына беретін қоштасу. Кетіп бара жатқанына қуанғанда айтылады. «Зытып барамын» деген мағына береді.

Сөйлесу

Англияда танысудың екі кезеңі бар: алдымен адамдарды міндетті түрде ортақ танысы таныстыруы керек. Ол жақта жекеден-жеке танысу салты жоқ.

Ең басты заң: ешқашан кешікпеу керек. Ағылшындар уақытты өте бағалайды. Тек кездесуге ғана емес, өзінің үйіндегі асқа да кешікпей келуге тырысады. Бірақ ерте келіп алуға да болмайды. Ең дұрысы, уақытылы келу керек.

Сөйлесу кезінде аса эмоцианалдық керек емес. Артық жестикуляциядан абай болу керек. Ұстанымды сөйлесу керек. Комплимент айту жақсы әрекет ретінде қабылданады. Бірақ ол мүмкіншілікті артығынан пайдаланбау керек. Бірақ басқанын көзінше өзіңді мақтауға болмайды. Ағылшындар конфликтігі бара бермейді. Қандай қиын жағдай болмаса да, бейбіт жолмен шешуге тырысатын болады.

Англияда жеке өмір туралы айту қабылданбаған. Және басқа түскен қиыншылықтар туралы сөз қозғау да құптарлық нәрсе емес. Ондай жағдайда сізді әлсіз тұлға деп қабылдап қалады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға