Ангелина Лукас екі аптада екінші рет жеңіске жетті
![Ангелина Лукас екі аптада екінші рет жеңіске жетті Ангелина Лукас екі аптада екінші рет жеңіске жетті](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141916/1200xauto_q3CASbFfxjerF523tidZUx78IB5w8BrdbaJM4VwI.jpg)
Қазақстандық танымал боксшы Ангелина Лукас кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен айқаста ол венесуэлалық Джоанна Суньигамен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.
8 раундқа созылған жекпе-жекті жеңіспен аяқтадым. Осындай тәжірибе мен рингке қайта шығу мүмкіндігі берілгеніне ризамын. Қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға рахмет! Әрбір жекпе-жек менің спорттағы өмірімнің бір бөлігі, мені алға ұмтылуға итермелейді, – деді Ангелина Лукас.
Осылайша, Лукас соңғы екі аптаға жуық уақытта екінші рет шаршы алаңға шықты. Естеріңізде болса, 31 қаңтарда Мәскеуде өткен «IBA чемпиондар түні» турнирінде Ангелина Лукас нигериялық спортшы Айисат Орийомимен жұдырықтасып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)