Андрей Голубев Швециядағы турнирдің финалына жолдама алды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
22.10.2023 23:09
628
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.
Голубев Денис Молчановпен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, америкалық Роберт Галлоуэй – франциялық Альбано Оливеттимен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Андрей Голубев пен Денис Молчановтың соңғы бәсекедегі қарсыластары кейін анықталады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2050 жылға қарай әлем халқының саны екі есеге артуы мүмкін
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды