Андрей Голубев Швециядағы турнирдің финалына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
21.10.2023 19:46
586
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда португалиялық Франсишку Кабраль – ұлыбританиялық Анри Паттенмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда тай-брейкте Голубев пен Молчановтың мерейі үстем болды – 7:6 (7:4). Екіншісінде португалиялық-ұлыбританиялық дуэт есе қайырды – 7:6 (7:3).
Супер тай-брейкте Голубев – Молчанов жеңісті жұлып алды – 10:8.
Андрей Голубев – Денис Молчановтың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астаналықтар Республика күніне орай 1000-нан астам ту ілді