Анасын балағаттаған шымкенттік жауапқа тартылды

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
25.01.2024 08:07
973
Шымкентте ішімдікке сылқия тойып алып, анасын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ішімдік ішіп, үйдің берекесін алғанына шыдамаған қарт кісі полицияға өзі хабарласқан.
Тәртіп сақшылары заң бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша хаттама толтырды. Оның мінез-құлқына ерекше талап қойылды. Бұдан өзге полиция хабарлауынша, тәртіп сақшылары сағат 21:00-ден кейін ішімдік сатқан дүкен иесі де жауапқа тартылды.
Ішімдік ішіп, анасын балағаттаған тұрғын ішкі істер органының есебіне қойылды. Алдағы уақытта наркологиялық диспансерде ем қабылдайтын болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
- «Киімін шешіп, балағат сөз айтқан»: Ішімдік ішкен үш жолаушы пойыздан түсірілді
- “Күйеулері үйден қуып шыққан”: Отбасылық жанжалдан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетілді
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Astana Opera түлектері халықаралық аренада сұранысқа ие
Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды