Анасы екі жасар баласын сірке суын ішкізіп, өлтірмек болды
Фото: iStock
Фото: iStock
14.10.2024 13:22
2135
Ресейдің Мәскеу облысында 26 жастағы әйел адам екі жасар сәбиіне сірке суын беріп, өлтірмек болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.
Үш ай бұрын көңіл жарастырып жүрген ер адамның үйіне Тәжікстаннан көшіп келген әйел баласын өлтіруге тырысқан. Ол дүкеннен 70% сірке суын сатып алып, оны сәбиінің бөтелкесіне құйып қояды. Бала сұйықтықты байқамай ішіп қойғаннан кейін өзі де 1-2 рет ұрттаған.
Олар ішкі ағзасын қатты күйік шалып, ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті