Жаңалықтар

Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді

Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді
Фото: ҰОК 02.02.2025 11:28 90

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Жарыс барысында Городко жартылай финалда Францияның олимпиада чемпионы Перрин Лаффонды жеңді.

Шешуші жарыста қазақстандық спортшы АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен кездесті. Нәтижесінде америкалық спортшы басымдық танытты.

Қола медальды Лаффон иеленсе, Юлия Галышева тоғызыншы орынға, ал Аяулым Әмренова 13-орынға тұрақтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға