Жаңалықтар

«Анамның қарғысы». Сәкен Майғазиев өмірде түйген маңызды дүние туралы айтты

«Анамның қарғысы». Сәкен Майғазиев өмірде түйген маңызды дүние туралы айтты
Фото: Әлеуметтік желі 19.01.2024 14:06 10199

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ашуланғанда балаларына қандай ауыр сөз айтатынын айтып, жақсы сөз айтудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кейде кейбіріміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе, бұзықтық жасап, шектен шығып жатса, (абайламай) қарғап-сілеп жатамыз. Мынау тентек сенің балаң ба десе: «Ия, бұл әкең... бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган...», деп қалатынымыз да жасырын емес. Балаларымызға ұрысқанда да, «Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір, жапырағың жайқалғыр...», деп «қарғайық». Имандым, саналым, ақылдым, білімдім, батырым тағы солай сияқты жақсы сөздермен еркелетейік, – деп кеңес айтты әнші.

Сондай-ақ, әнші қарғыстың қабыл болғаны туралы мысал келтірді.

1984 жылдан бері бас имам міндетін атқарған әл-Судайс «Анамның «қарғысымен» имам болдым» деп еске алады: «Кішкентай кезімде тентектік жасасам анам маған ашуланып, «Қағбаға имам болғыр, Судайс» дейтін. Анамның осы «қарғысы» маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым» деген екен. Алла тағала баршамызға салиx ұрпақ нәсіп еткей, – деп жазды өнер иесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға