Жаңалықтар

«Анам 5 айлық баламды сатып жіберді». Алматы облысында әйел сәбиін іздеп жүр

«Анам 5 айлық баламды сатып жіберді». Алматы облысында әйел сәбиін іздеп жүр
Фото: © El.kz 16.02.2024 16:45 1974

Алматы облысында отыз жастағы келіншек бес айлық баласын таба алмай жүр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.

Гүлшат Аманалиева 2022 жылы желтоқсан айында зорлықтын құрбаны болып, бала көтеріп қойған. Ол Қарақалпақстанда анасы танысымен төсектес болуға мәжбүрлегенін айтады. Анасы оның аяғы ауыр екенін естіген соң шу шығарып, Гүлшатты ұрып-соққан көрінеді. Баланы алдыртуды немесе босанып, перзентханаға тастап кетуді талап етіпті. Алайда, оны туып, басқа отбасыға беруге келіседі. Бірақ, Гүлшат ұлын қолына алғанда оны басқаға беруге үзілді-кесілді қарсы болып, перзентханадан баламен қашып кеткен.

Соған қарамастан Гүлшатты туыстары «бала саудасымен айналысты деп шағымданамыз» деп қорқытқан көрінеді. Осылайша келіншек 2 күннен соң баланы тараздық ерлі-зайыпты алып кетті дейді. Содан бері ол баласының жүзін көрмеген. 

Құжат бойынша Тәуекелдің анасы Гүлшат болғанымен, әкесі сол баланы алып кеткен отбасының отағасы екен.

Алайда баланы асырап алғандар келіншектің өз еркімен бергенін мәлімдеп отыр. Осы жағдайлардан кейін олар баланы туған анасына қайтарып беруге келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға