Жаңалықтар

Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті
08.08.2018 12:51 1561

7 тамыз күні Достық үйінде Қарағанды облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырыс өтті. Жиынды аталған кеңестің төрайымы Д. Касапиди ашып, күн тәртібіндегі маңызды мәселелермен таныстырды. Олар — облыстық ҚХА хатшылығы мен Қарағанды облысы білім басқармасы арасындағы Меморандум жобасын талқылау, Кеңестің жоспарына өзгерістер енгізу, Қарқаралы ауданы, Қоянды ауылындағы ашылған балалар үйі.

 Сөз кезегін алған Қоғамдық келісім КММ директорының міндетін атқарушы Ш. Қабулова кеңестің төрайымы Д. Касапидидің облыстық ҚХА төрағасының орынбасары болып тағайындалуына байланысты Жанар Кенжеғалиева сайлауды ұсынды. Жанар Бейсенбекқызы педагог, көп жылдар заң саласында қызмет жасаған, қазір демалыстағы подполковник.

Өз кезегінде Жанар Кенжеғалиева артылған сенім үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта бірлесе жұмыстар атқаруға уәде етті. Сондай ақ, арнайы жиынға келген өз төрт баласынан бөлек, асырауға төрт бала алған отбасыға балалар үйін, туған ауылында спорт алаңын, шағын балабақша салып берген қайырымды жан Нұрлан Қалтаев өз ойымен бөлісті. Іс-шараның соңында отырыс қатысушыларымен 2018 жылға арналған Қарағанды облысы Аналар кеңесі жұмысының жоспары талқыланып, құрамына өзгерістер енгізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға