Жаңалықтар

Аналар Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Аналар Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
06.04.2018 11:19 2011

Облыстық ассамблея аналар Кеңесінің отырысына Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары, басқарма басшылары, қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары, БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қала мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психолог мамандармен мен  әлеуметтік педагогтар қатысты.

Күн тәртібіне негізгі 4 сұрақ шығарылады:

  1. Әкелер мен балалар проблемалары, олардың жастарды тәрбиелеудегі өзара түсіністігі;
  2.  Жас отбасыларға баланы жоспарлау және тәрбиелеу, ажырасудың алдын алу бойынша, жанұясы жоқ, жалғыз басты адамдарға психологиялық және консультациялық көмек көрсетудің жай-күйін талдау;
  3. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің 2018 жылға     арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  4. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің құрамына өзгертулер еңгізу туралы.

БҚО ҚХА аналар Кеңесі Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылап, әкелер мен балалар проблемалары, олардың жастарды тәрбиелеудегі өзара түсіністігі,  жас отбасыларға баланы жоспарлау және тәрбиелеу, ажырасудың алдын алу бойынша, жанұясы жоқ, жалғыз басты адамдарға психологиялық және консультациялық көмек көрсетудің жай-күйін талдау бойынша басқарма өкілдері мен аналар Кеңесі мүшелерінің ақпаратын тыңдап, ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізіп, облыстық ассамблеясы аналар Кеңесінің құрамына өзгертулер енгізіп, жұмыс жоспарын бекітті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға