Жаңалықтар

Аналар кеңесі қайырымдылық акцияларында 3 млн теңге жинады

Аналар кеңесі қайырымдылық акцияларында 3 млн теңге жинады
15.05.2018 12:32 1569

​Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыттары, отбасы құндылықтарын сақтауға және насихаттауға атсалысу, отбасылық дәстүрлерді дамыту ісімен айналысу, отбасы мәртебесін көтеру және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болып табылады. Сонымен қоса аз қамтылған, көмекке мұқтаж жандар мен отбасыларға жәрдем беру істерімен де белсенді айналысады.

Осылайша, Зеренді ауданында өткен қайырымдылық аукционында 1,7 млн. теңге қаржы жиналған. Қаражат жинау ісі Алғыс айту күніне орайластырылған. Аукционның өткізілу мақсаты сегіз жасар бүлдіршін Елнұр  Мааратовқа көмектесу болды. Небәрі бес айлығында дәрігерлер оның аяғының деформациясы бар екенін анықтаған, осы күндерге дейін бірнеше ота жасалып та үлгерген. Қазіргі таңда ол Санкт-Петербург қаласы Г.Турнер атындағы балалар ортопедиялық ғылыми-зерттеу институтында жатыр.

Сонымен қоса, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Зенфира Новрузова Бұланды ауданы, Макинск қаласында тұратын өз қамтылған отбасыларға 500 мың. теңге көлемінде қаржылай көмек жасады.

Облыстық  Аналаркеңесінің белсенділері  «KÓKSHE» телеарнасының «Асар» қайырымдылық акциясына қатысып, бұл шара қортындысы бойынша көпбалалы отбасыларға 900 мың. теңге көлеміндегі соммаға киім-кешектер берілді.

Жалпы алғанда 2018 жылдың басынан бері Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің бастамасымен 10 қайырымдылық іс-шара өткізілген. Бұл шаралардың басты ұйымдастырушысы, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова аталмыш бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта жалғасын табатынын айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға