Жаңалықтар

Aнадолу мен Ұлы Дала музейлерінің технологиялық тәжірибелері

Музей саласы бойынша түрік елінен үйренеріміз көп...
Aнадолу мен Ұлы Дала музейлерінің технологиялық тәжірибелері
16.04.2019 22:42 4016

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Тарихи сананы жаңғырту мақсатында «...мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады» деп ерекше атап өткен болатын. Осы мақаланы жүзеге асыру аясында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі – еліміздегі ең ірі әрі озық тәжірибелі музейлердің бірі болып саналады. Еліміз Тәуелсіздігін алып, өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылған кезеңде музейлер қызметін әлемдік озық тәжірибе үлгілерін пайдалана отырып ұйымдастыру және дамыту мәселесі басты назарға алынып отыр. Музейлер жұмысын, оның экспозициялық құрылымын қайта қарау, цифрлы жүйелер мен жаңа ақпараттық технологиялар енгізу бүгінгі қазақстандық музейлердің шешілмеген өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі.

Атап айтсақ, 2018 жылы ҚР Ұлттық музейі мен еліміздің тарихи-өлкетану музей қызметкерлері Түркияның озық музейлерінің іс-тәжірибесімен танысып, іс-тәжірибе алмасып қайтты. Қазіргі таңда ҚР Ұлттық музейі еліміздегі облыстық, қалалық тарихи-өлкетану музейлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарып жатыр.

Осыған байланысты, 2019 жылдың 14-20 сәуір аралығында Түркия Республикасына Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда және Түркістан облысының тарихи-өлкетану музей мамандары іс-тәжірибе алмасуға қайтады. Аталмыш шара, Түркия Республикасының Ыстамбұл, Анкара қалаларының тарихи-мәдени орталықтарында музейлердегі жаңа инновациялық технологиялар мен музейлік жаңа әдістерді игеру мақсатында іске асады.

Түрік елінде мұражайтану мен музей басқармасы, музейдегі білім мен мәдени қызметтер, музейдегі сақтау мен қалпына келтіру тәжірибелері тақырыбында Түркияның музей саласындағы білікті мамандары баяндама жасайды. Сондай-ақ, Түркияның Анкара, Конья, Каппадокия тарихи өңірлеріндегі қасиетті мекендер, музейлер, мешіт-медреселер мен тарихы терең Селжұқ дәуіріне тән тарихи-мәдени нысандарға экскурсия ұйымдастырылады.

Музей қызметкерлерімен қоса музейтанушылар мен мамандардан құралған делегация елімізге оралған соң өңірлердегі өлкетану іс-тәжірибесі жайында семинар-тренингтер өткізбек.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға