Жаңалықтар

Ана мен баланы әлеуметтік қолдау

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі
Ана мен баланы әлеуметтік қолдау
06.03.2018 13:25 7400

Халықаралық әйелдер күні – «әйелдер күні» ретінде саналатын 8 наурызда атап өтілетін жыл сайынғы мереке.

Бұл мереке тарихи еңбек ететін әйелдердің теңдікке жету үшін күрес және азат етілуі ретінде пайда болды. Бүгінде біз бұл мерекеге басқа мән береміз. Бұл мереке біздің аналарымыздың, әжелеріміздің, сүйікті әйелдеріміздің мерекесі. Бұл күні ер адамдар біздің барлығымызға сұлулық пен махаббат сыйлайтын нәзік жандарға алғысын білдіреді. Аналар отбасында татулық пен тыныштық сыйлайды. Бірақ олардың да әрқашан назар мен қамқорлыққа қажет екенін ұмытпау керек.

Қазақстанда балалы болуды жоспарлап жүрген отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Жүктілік – болашақ ана үшін жауапты кезең болып табылады. Әйелдің ағзасына жүктіліктің соңғы апталарында ауырлық түседі, сондықтан жұмыс істейтін әйелдерге жүктіліктің 30 – аптасынан бастап оның босануына дайындалу үшін декреттік демалыс беріледі. Заңды түрде жүкті әйелдерге берілетін қажетті демалыс Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 99-бабында айтылған. Жұмыс істейтін жері бойынша жүктілігіне және босануына байланысты, сонымен қатар жаңа туған баланы асырап алуға байланысты еңбекке жарамсыздық парағының барлық күндеріне демалыс беріледі.

2008 жылдан бастап біздің елімізде жүктілігіне және босануына байланысты демалыс Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен төленеді (МӘСҚ).

Жүктілігіне және босануына байланысты демалыс барлық демалыс күндеріне тағайындалады және бірден төленеді. Бұл төлемнің мөлшері соңғы жылда МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленген орташа табысқа байланысты тағайындалады. 2017 жылы 172 622 әйелге 61,4 млрд. теңге сомасында жүктілігіне және босануына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалды.

Сонымен қатар жұмыс беруші орташа жалақыны сақтай отырып, жүктілігіне және босануына байланысты демалыс күндерін төлеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл еңбек немесе ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің басқа құжатында көрсетілуі мүмкін. Осындай жағдайларда жұмыс беруші төлемді МӘСҚ-дан әйел жүктілігіне және босануына байланысты алған төлемді сомасын шегеру арқылы төлейді.

Баланың өмірге келуі үйге бақыт әкеледі, ал анасында жаңа қамқорлық пен қиындықтар басталады. Сондықтан балалары бар отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін материалдық көмек үлкен қолдау болып табылады. Қазақстанда әр туған бала үшін бюджет есебінен тууға байланысты бірреттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері туған баланың кезегіне байланысты. Егер бұл бірінші, екінші немесе үшінші бала болса, онда отбасыға 91 390 теңге төленеді. Егер төртінші немесе одан кейін бала туылса, онда отбасы 151 515 теңге алады. Егер екі немесе одан көп бала туса, онда жәрдемақы әр балаға төленеді. Бала 1 жасқа толғанға оның күтіміне байланысты төлем мөлшері барлық әйелдер үшін бірдей емес.

Біріншіден, бұл бала күтіміне байланысты әйелдер сол уақытқа дейін жұмыс істегенге, демек олар үшін МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленуіне байланысты. Бұл жұмыс істейтін әйелдерге МӘСҚ төленетін бала 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алуға құқық береді. Осындай жағдайларда төлем мөлшері бала туғанға дейінгі соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40 % құрайды. 2017 жылы МӘСҚ төленетін бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлем 235 166 адамға тағайындалды. Осы төлемдердің жалпы сомасы 38,5 млрд. теңгені құрады.

Қазір үшінші, төртінші және одан да көп балаға төленетін әлеуметтік төлем алушылар санының көбейгені қуантады. 2017 жылы олардың саны 2016 жылмен салыстырғанда 2,6 % көбейді және барлық МӘСҚ-дан бала күтіміне байланысты тағайындалған төлемдердің 40 % құрайды.

Бала туғанға дейін жұмыс істемеген әйелдер мемлекеттік бюджеттен жәрдемақы алады. Оның мөлшері туған баланың кезегіне байланысты және 2018 жылы:

бірінші балаға – 13 853 теңгені;

екінші балаға – 16 379 теңгені;

үшінші балаға – 18 880 теңгені;

төртінші және одан көп балаға – 21 405 теңгені құрайды.

Бұдан байқайтынымыз, бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемді жұмыс істейтін әйелдер жұмыс істемейтін әйелдерге қарағанда көбірек алады. Жаңа туған бала көп күш пен қамқорлықты қажет етеді, ана бала күтімі кезінде жұмыс істемейді. Сондықтан жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатысу кезінде үзілістердің болуына жол бермеу үшін, әйелдердің зейнетақы есебіне бала 1 жасқа толғанға дейінгі әлеуметтік төлемінен ай сайын 10 % мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылады. Әйелдердің зейнетақы жинақыларының деңгейін арттыру мақсатында Қазақстанда 

2014 жылдан бастап қосымша міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін субсидиялау енгізілді. Бұл бала 1 жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты демалыста болған уақытта әйелдердің жинақтаушы зейнетақы шотына мемлекет есебі тарапынан қосымша міндетті зейнетақы жарналары аударылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне негізделген ынтымақтастық пен әділеттілік қағидалары жұмыс істейтіндер үшін әлеуметтік қорғау артықшылығын көрнекі түрде көрсетеді. Бұл дегеніміз алатын табыс пен әлеуметтік төлемдер арасында тікелей байланыс бар екенін пайымдайды. Осы орайда, ресми түрде жұмыс істейтін азаматтар әлеуметтік қатер туындаған жағдайда қосымша МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем алу мүмкіндігі туындайды.

Қазақстанда ана мен баланы міндетті сақтандыру пайда болғаннан бері он жыл ішінде 1,5 миллионға жуық әйелдер 393 млрд.теңге сомасы мөлшерінде жүктілігіне және босануына байланысты төлем алды және 2 миллионға жуық адам 420 млрд. теңгеге жуық мөлшерде бала күтіміне байланысты төлем алды. Ана мен баланы қолдау Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттардың бірі болып табылады, себебі одан біздің еліміздің болашағы, оның демографиялық мәртебесі және еңбек әлеуеті артады.

Сүйкімді, нәзік, әдемі әйелдер! 8 Наурыз мерекесінде барлық армандарыңыз орындалсын! Осы мереке жаңа және табысты бастамалардың басы болсын! Көктемнің шуақты күні Сіздерді және жақындарыңызды жылы сәулесімен жылытсын! Бақыт, табыс және махаббат барлық ұзақ және жарқын өмірлеріңізде серік болсын!

Мақала авторы: Сәуле Дюсенова, «МӘСҚ» АҚ Президенті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға