Жаңалықтар

Қамшының түрлері

Қамшының атқаратын қызметі де, түрлері де көп. Соны таратып айтып көрейік.
29.06.2015 12:05 24539

Қамшының атқаратын қызметі де, түрлері де көп. Соны таратып айтып көрейік.

Қамшының түрлері

Қамшыны жасалу жолы, көлемі, әшекейлеп безендірілуне қарай сара ала қамшы, әшекейлі ақ қамшы, алтынды қамшы, шашақты қамшы, ал, ең бастысы, тұтынысына қарай негізінен; қайыс қамшы; дырау қамшы деп бөлінеді.

Сарыала қамшы – жез бен мыс араластырып дайындалған қамшы түрі. Қамшының бұл түрін көбіне ер адамдар ұстайды; Сылдырмақ пен қоңырау, жез салпыншақ, тіптен үкі, айна да тағылғанын киелі деп санаған. «Сарыала қамшыға сайтан жоламайды» деп, бақсылар ойын салғанда қолданады. Оны төрге іліп қойса үйге пәле-жала жоламайды деп сенген. Сондықтан сайтан қамшы, киелі қамшы, қасиетті қамшы сияқты атаулар ұшырасады.

Ертеде ер адамдар ғана ұстаған сары ала қамшының сарыбас қамшы, жез қамшы деген атаулары әшекейлеген бөлігіне байланысты аталған. Мысалы, жезбен алқымы мен сабының түбi оралғанын жезмойнақ қамшы бауырдағын әшекейлегенін жез бауырлақ қамшы деп бөліп айтады.

Қамшының түрлері

Әшекейлі ақ қамшы – сабы ақ күмістен сәнделіп жасалған қамшының түрі. Оны көбіне әйелдер ұстаған. Қамшының мұндай түрлерін алтын-күміс пластинкамен бунақтау, сәндеу, асыл тастан көз орнату құйма, күміс шеге, шытыралар шауып сәндеу, сылдырмақ, шашақ қадау, өрмесіне шашақ, түйін салу сияқты жолдармен әшекейлейді. Оның босмойын ақ қамшы деген түрі болады.

Қамшының түрлері

Атбас алтын қамшы – сабы да өрімі де алтынмен апталып, күміспен күптеліп жасалған, сабына березе тәрізді асыл тас орнатылған, атбасын бейнеленген қамшының ерекше түрі. Алтынды қамшының бұл тәрізді түрлерін әлеуметтік мәртебесі аса жоғары ел сұраған хан, сұлтан; ел құраған билер мен бектер, сондай-ақ ел ішіндегі аса қадірлі тұлғалар ұстаған деуге болады.

Қамшының түрлері

Шашақты қамшы – қосымша әшекей ретінде әр бөлігінде тарамыстан жасалған айдаршалары бар қамшы. Бұлар негізінен үш түрлі болып келеді. Осы үшеуінің атауы, венгриялық зерттеуші П.Петердің көрсетуінше, сайтан айдар шашақ – өрімнің жоғарғы тұсынан шығарылғаны; мал айдар шашақ – саптың алдыңғы тұсындағысы; қолдың шашағы – саптың терімен оралған тұтамының астыңғы тұсынан шығарылғаны.

Қамшының түрлері

Дырау қамшы (дойыр) – суық қару ретінде қолданылатын қамшының түрі. Оның дойыр, дырау, босмойын деген түрлері бар. Өрімі жуан, жұмыр, кейде төрт қырлы болып келген дойыр қамшыны өрімнің арасына қайыстан, қорғасыннан жұмырлай ширатылған өзек салып, сыртын таспамен тоқи өреді, түйініне тас, қорғасын бекітеді. Таспа саны өрімшінің шеберлігіне қарай 24-тен асып кетеді.


Әзірлеген: Айсұлтан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға