Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды

5 Тамыз 2022, 12:26 1185

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады

Алматы облысындағы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашта атыс болып, 3 адам ауруханаға түсті. Олардың бірі қайтыс болды, – деп хабарлайды El.kz.

«4 тамыз күні сағат 16:20-да Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті. Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдын ала анықталғандай, кикілжің жергілікті тұрғындардың арасында болған»,– делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу: