Зүлфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілді

22 Желтоқсан 2023, 10:43 1523

Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло допингке қарсы ережелерді қайта бұзғаны үшін спорттан 8 жылға шеттетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның қан құрамынан «Метандиенон» стероид табылды.

Спортшы қыз осымен екінші рет ереже бұзды. Бұған дейін ол допинг үшін 7 жыл бұрын шеттетілген болатын. WADA 2012 жылғы Лондон олимпиадасының нәтижелерін қайта тексерген кезде Чиншанлоның допинг қолданғанын анықтады. Ол кезде спортшы «Оксандролон» мен «Станозолол» қолданған еді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: