Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында «Зорлық-зомбылыққа қатысты негізгі түсініктер мен ұғымдар» сөздігін даярлап шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сөздік зорлық-зомбылық түрлері, салдары және осы саладағы заңнама шаралары туралы 4 бөлімнен тұрады, 30-дан аса ұғымды қамтиды.
Бұл құжатты зорлық-зомбылық туралы қоғамның хабардарлығын арттыру мақсатында көмекші құрал ретінде қолдануға болады.