Зорлап, денесін өртеп жіберген: Жаркентте әйел қатыгездікпен өлтірілді

11 Шілде 2023, 17:11 942

Жетісу облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласында 42 жастағы әйел қатыгездікпен өлтірілген,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1980 жылы туған әйел бір апта бұрын Жаркентте зорланған. Ал қылмысын жасыру үшін қаскөй оны өлтіріп, денесін өртеп жіберген. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Оқи отырыңыз:

Заңда көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға бере отырып, түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады, - деп хабарлады Жетісу облысының Полиция департаменті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: