Зорланған алматылық қыз әділдік іздеп жүр

12 Қаңтар, 10:22 1982

 Алматыда 22 жастағы аруды танысы белгісіз сусын ішкізіп, зорлаған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жәбір көрген бойжеткен бірнеше ай бойы әділдік іздеп, құзырлы органдарға жүгінгенмен, әзірге ісі кейінге шегеріліп жатыр. Ол құрбыларымен демалыс орнында отырғанда, танысы келіп белгісіз сусын ұсыныпты. Оны ішкен ару көп өтпей жағдайының нашарлағанын түсініп, үйіне кетуге такси шақырады. Алайда, танысы бірге баруды ұсынып, әлі құрыған аруды үйіне алып келіп, зорлаған. Жәбірленуші екі сот-медициналық сараптамада зорлықтың анық белгілері, зақымдар белгілі болды дейді.

Зорлықтың құрбаны болған бойжеткен құқық қорғау органдарына арыз жазып, қылмыстық іс қозғалды. Бірнеше ай бойы ол психологиялық қиындықтардан жұмысына да шыға алмай қалды. 288 күндік тергеуден кейін полиция істі прокуратураға жөнелтеді. Алайда прокурор сол күні істі қосымша тергеуге жіберуді ұйғарды. Араша сұрап бойжеткен қоғамдық қордың көмегіне жүгінеді.

Алматы қалалық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Өндіріс аясында қажетті сараптамалар жүргізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыздар:

Қазіргі уақытта күдікті бостандықта жүр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: