Зияткерлік жеңіс

20 Сәуір 2018, 11:25 2054

Облыстық Достық үйі «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық жобасы аясында интеллектуалдық ойын өткізді.

Ұйымдастырушылардың ниеті, зияткерлік жарыста жастардың назарын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне аудару,тарихымен таныстыру, Қостанай облысы этномәдени бірлестіктерінің тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрін дамытуда, жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, толеранттылық пен ұлттық мәдениеттің өзара іс-қимылын дамытуға үйрету.

Ойынға 5 команда: №3 мектеп-гимназиясы, 115 орта мектебі, №7 орта мектебі, №8 орта мектебі, Бауыржан Момышұлы атындағы №5 мектебі қатысты. Әрбір команданың құрамына  5 қатысушы кірді.

Бірінші байқауда «Визитка» оқушылары өздерін және өз ұрандарын таныстырды. Балалар міндеттерін өте жақсы орындап шықты. №7 орта мектептің оқушылары өздері туралы бейнеролик ұсынды. № 115 орта мектептің оқушылары өлең түрінде өздері туралы айтып берді.

Қатысушылар екінші кезеңде  Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерінің  сұрақтарына  жауап берді. Барлық сұрақтар «Өлкетану» тақырыбымен байланысты болды. Мектеп оқушыларынан Кияткин, Воронов, Давлеткадиев, Ящевтер әулеті, тарихи орталықтары мен әлі күнге дейін облыс орталығында сақталған көпестер туралы сұрады. Балалар тарих туралы жақсы білімдерін көрсетті және барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді.

«Интерактив со зрителями» атты үшінші кезең өте қызықты өтті. Бұл үй тапсырмасы болатын және  оқушылар оған тырысып бақты. Біреулері әртүрлі ұлттардың мақал-мәтелдерін дайындады, басқалары түрлі тілдердегі өлеңдер мен прозалардың үзінділерін жатқа оқыды, үшіншілері викторина өткізді. № 115 мектеп шығармашылық жолмен келді.  Оқушылар шағын концерт дайындап, әр түрлі тілдерде әндер орындады. Ал, көрермендер орындалып жатқан әннің қай тілде және қай елдің өлеңі екенін табуы керек болды.

Командалар жарыс  соңында  Қостанай облысының аумағында тұратын бес ұлттың: немістер, армяндар, татарлар, кәрістер, әзербайжандықтар туралы  қызықты және егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші  орынды №7 орта мектебі ,  ал екінші орынды №5 орта мектебі, үшінші орынды №115 орта мектебі алды. Барлық командалар дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Бөлісу: