Зияткерлік меншікке қатысты вебинар өтті

14 Қазан 2022, 01:45 1374

Вебинарға кәсіпкерлер мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Әділет министрлігі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) ынтымақтастықта зияткерлік меншік және креативті экономика бойынша вебинар өткізді, деп хабарлайды EL.KZ министрлікке сілтеме жасап.

Аталған іс-шарада спикерлер ретінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдері - Илья Грибков, Димитер Ганчев, сондай-ақ «Ұлттық киноакадемия» ҚБ президенті режиссер, сценарист, продюсер, - Рашид Нұғманов және Лондон қалалық университетінің профессоры - Энди Пратт сөз сөйледі.

Сонымен қатар, вебинарға халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Вебинарды өткізудің мақсаты креативті экономиканың жетістіктеріне қатысты мәселелерді талқылау, сондай-ақ құқықтық база, ұйымдастырушылық құрылым және креативті индустрияларды қаржыландыру.

EL.KZ
Бөлісу: