Жыр алыбы дәріптелді

15 Қараша 2019, 12:23 2476

Өскеменде жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды. 


Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік мүшелері, ақсақалдар алқасы іс-шараға белсене қатысты. Ескерткішті салтанатты түрде облыс әкімі Даниал Ахметов ашты.


 Алматыдан ақынның ұрпақтары арнайы келіп, сөз сөйледі. Мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері мен жастардың басын қосқан игі бастама Жамбыл Жабаевтың есімін еншілеген саябақта өтті. Оның кіреберісінде орналасқан биіктігі 2,5 метрлік қоладан құйылған ескерткіш авторлары алматылық мүсінші Сәрсен Сеитов пен Қазыбек Дулатов. Тас үстінде домбырада ойнап отырған Жамбыл образы қаланың көрікті жеріне айналып, тұрғындардың көзайымы болары сөзсіз.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Бөлісу: