«Жын кірген». Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай әйелінің өзгеріп кеткенін айтты

7 Ақпан, 16:14 2482

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай «Көреміз» бағдарламасында қонақта болып, әйелінің дуаланғаны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол екі айдан бері әйелінің жағдайына алаңдаулы екен.

Мөлдір адам танымастай өзгеріп кетті. Күн сайын түсініксіз жағдайлар болып жатыр. Сиқырланған дейді. Ұстазымыз «жын болса, шығып кетер еді, бұл оған ұқсамайды» деді. Жатыры дуаланған сияқты. Бұл адамды өлтіру үшін жасалған деп білеміз. Бұл қасақана ұйымдастырылған дуалау, - деді әнші.

Өнер иесі оның алдында бәрі жақсы болған деп отыр.

Бұл жағдайға дейін ешқандай дауыс көтеріп, оғаш қылығын көрсетпеген. Қазір ұстаздарға барып, дем салдырып, Құранмен жынын шығарып жатырмыз. Мысалы, екі күн бұрын әйелім көліктен секіріп кеткісі келді. Оның алдында үйдегі ыдыстарды сындырды. Үш кесе қалдырып, қалғанын күл-паршасын шығарыпты. Мұның сиқыр екеніне сенімдіміз, - деп атап өтті.

Әйелі болса сөйлегенде даусы шықпайтынын, өзін-өзі түсінбей жүргенін айтады.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: