Ұжымдық шарт деген не?

15 Маусым 2015, 08:28

Ұжымдық шарт туралы

Ұжымдық шарт  кәсіпкер немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі мен қызметкерлер кәсіподақ арқылы оның өкілдері арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б туралы келісім. 

Ұжымдық шарт барлық салалар үшін де, жергілікті жер үшін де, сатыластық бойынша және деңгейлестік бойынша жасалады және жұмыс істеушілердің бәріне қолданылады.Ұжымдық шарттарды жасау, бекіту және орындаудың жалпы құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері ҚР Еңбек туралы заңында белгіленген.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасау үшін қажетті құжаттарға мыналар жатады:

1) Еңбекақы төлеуді нормалау,оның нысандары,жүйелері,қызметкерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды, (ерекше зиянды) және қауіпті жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге тарифтік ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша өтемақылар туралы;

 2) еңбекақы төлеуді индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерін төлеу туралы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі қосымша өтемақылар туралы;

 3) тиісті мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгі жалақысы мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін арақатынас туралы;

4) разрядаралық коэффиценттерді белгілеу туралы;

 5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;

6) салауатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;

Жұмыс беруші жоғарыда аталған құжаттардан басқа құжаттарды талап етуге құқылы емес.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ұжымдық шарттың мазмұнын және құрылымын тараптар, яғни, жұмыс беруші мен қызметкерлер анықтайды. Ұжымдық шартқа:

1)еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру туралы;

2)еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібін реттеу туралы;

3)босатылатын қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы;

4)жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы;

5)қызметкерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;

6)қызметкерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың тынығуы туралы;

7)кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзған кезде ұйымның кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескерудің тәртібі туралы;

8)кәсіподақ органына сайланған қызметкерлерге берілетін кепілдіктер туралы;

9)қызметкерлердің өкілдері қызметін жүзеге асыруға арналған талаптар туралы;

10) қызметкерлерді сақтандыру туралы;

11) кәсіподақ қызметі үшін жағдай жасау туралы;

 12) еңбек шарттарын ереуілді желеу етіп жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуды болдырмау туралы;

13) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы;

14) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы;

15) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздері келтірген залал үшін жауаптылығы туралы;

16)тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.

Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық,өңірлік келісімдермен салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелер жарамсыз деп танылады.

Еңбек заңдылығына қатысты мәселелер, сондай-ақ тараптар арасында шешілмес жанжалды жағдайлар туындаған жағдайда аумақтық өкілетті органға хабарласа аласыздар.


А.Т.Кобаев, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы. 

Бөлісу: