Жылыойда су тасқыны салдарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстар жалғасуда

31 Мамыр, 20:34 576

Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқыны салдарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше сонымен қатар Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарында суды қауіпсіз өткізу бойынша іс-шаралар жалғасуда. Атап айтқанда, қорғаныс бөгеттерін шифермен қосымша бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Су тасқыны басталғаннан бері облыста шамамен 7,3 млн текше метр су айдалды. 5,2 млн қапшық және 439 мың тонна инертті материал төселді. Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. Жағдай бақылауда.

Перизат Саденова
Бөлісу: