"Жылулықты анасы берсін". Депутат Дәулет Тұрлыханов ұлдарымен сөйлесіп, жылап қалды

16 Қазан 2023, 10:25 4127

Танымал спортшы, депутат Дәулет Тұрлыханов "Динамен дұрыс" бағдарламасында екі ұлына хабарласып, жылап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Дина Төлепберген ұлдарының қылығы ұятқа қалдырса да, Дәулет Тұрлыхановтың ұлт үшін аянбай тер төгуге дайын азамат екенін атап өтті. Сондай-ақ епутаттан ұлдары Әкежан мен Ерасылға хабарласуын сұраған.

Әкежан, қалың қалай? Мен сені жақсы көремін, балам, Ерасыл, мен сені жақсы көремін, балам. Аман бол, - деп көзіне жас алады ол.

Депутат балаларына мұндай сөздерді айту қиынға соғатынын айтты.

Тәртіп. Жылулық керек. Жылулықты шеше берсін деп ойлаймыз ғой, анасы берсін дейміз", - деді Дәулет Тұрлыханов.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтергені мәлім болған еді. Сондай-ақ желіде мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір баласы Әкежан Тұрлыханов әйелді ұрып-соқты деген ақпарат тараған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: