Жылқы еті Жапонияға экспорттала ма

16 Қаңтар, 13:36 1239

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Жапонияға жылқы еті экспорттала ма? Жапондар жылқы етін жей ме?» деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Ресукэ Кодзуки бастаған Жапониядан келген делегациямен кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе, жылқы етін жеткізуде үлкен мүмкіндіктер барын тілге тиек еткен еді.

Жапондар жылқы етін жейді. Бізде 45-тен астам өндірушілер бар. Олар жылқы етін жіберуге дайын. Қазіргі таңда бұл туралы әріптесіме ақпарат бердім, дайындығын көрсеттім. Логистика жағынан Қытай арқылы жеткізуге болады. Тек қана Жапониядан бізге сұраныс керек, – деп атап өтті министр.

Еске сала кетейік, екіжақты кездесуде Арман Шаққалиев Жапония Қазақстандағы ірі инвесторлардың ондығына кіретіні және соңғы 17 жылда жапондық инвестиция көлемі 7,8 миллиард доллардан асқанын тілге тиек еткен еді. Соған байланысты қазақстандық өнімдердің экспортын кеңейтуді әріқарай дамыту үшін 204 миллион долларға 45 өңделген тауарды жапондықтарға жеткізуді одан әрі арттырмақ.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: