Жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл 220 мың теңгеге дейін ұлғаяды

22 Мамыр, 15:55 704

Жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл 220 мың теңгеге дейін ұлғаяды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысының орынбасары Төлеген Рысбеков Ulysmedia.kz тілшісіне көлікпен жылдамдықты асырып жүретіндерге жаза қалай күшейтілетінін айтып берді.

Қазір Мәжілісте тиісті заң жобасы қаралып жатыр. Онда жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырғандарға жылдамдық сағатына 120 шақырымнан асқанда ғана жаза күшейтіледі. Қалғаны бұрынғыдай қала береді. Қаланың ішінде де, сыртында да, – дейді ол.

Мұндай заңбзұушылыққа жол бергендерге айыппұл 60 АЕК-ке (221 520 теңге) ұлғаяды. Қазіргі заңнама бойынша бұл айыппұл 40 АЕК (147 680 теңге).

Рысбековтың айтуынша, жаза «жылдамдықты жақсы көретіндерге ғана» күшейтіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: