Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының мүшесі Андрей Чугай спринттегі іріктеу додасын қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Чугай спринттегі іріктеу айналымында 30-орыннан көрінген болатын.
Жарыс жылдамдығы өте жоғары болды. Қысым да жоғары. Тіпті, әлем чемпионы да іріктеуден өте алмады. Енді мен кейринде жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын, - деді Чугай.
Айта кетелік, аталған спорт түрінен Қазақстан намысын бір ғана спортшы қорғап жатыр.