Жылқының түр-түсіне байланысты ерекше атаулар

19 Қараша 2014, 07:58

Қазақ халқы төрт түліктің ішінен жылқы малын ерекше қадірлеген халық. Жылқы бойынан басқа халық аңғара бермейтін түр-түсіне қатысты атаулар жетерлік.

Қазақ халқы төрт түліктің ішінен жылқы малын ерекше қадірлеген халық. Жылқы бойынан басқа халық аңғара бермейтін түр-түсіне қатысты атаулар біздің тілімізде жетерлік. Сол атаулардың бір парасын еске түсіріп көрелік. Бұл жерде қазақтың бұрын-соңғы әдебиетінде кездесетін, сондай-ақ ауызда тараған нұсқаларды ортаға салып отырмыз.

Жылқыны күзеу, жылқының жасына байланысты деректер мына жерде...

Ақ, ақ сары, айран сары, ақ боз, ала, ақ жал;

Шағаладай ақ түсті жылқы осы болар!

Буырыл, боз, бозшұбар;

Боз деген түске осы жылқы лайықты сияқты

Есексұр;

Жирен, жиренала, жібек жал;

Күрең, көк, кер, керторы, күреңала, көкала, көкбурыл, күреңқасқа;

Құла, қара, қаракер, қараторы, құлаторы, қарашұбар, қаракөк, қызылкөк, құлажирен, қарабурал, құлақасқа, қарақасқа, қызыл, қызылқасқа, қаратөбел, қаралаяқ, қарала;

Мақпал қара;

Сары, сары сұр, сұрала;

Торы, тобылғы торы, торыала, торышұбар, торықасқа, торытөбел, торыалаяқ;

Шабдар, шұбар, шаңқан боз;

Жылқы түсіне байланысты тағы да алып-қосарыңыз болса, мақала астына пікір қалдырыңыз.

Бөлісу: